«ҚОСЫМША КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ» ЖШС өз қызметін сәйкес жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының Конституциясына;
«Білім туралы» ҚР Заңына;
Білім беру саласын реттейтін ҚР Үкіметінің Қаулыларына;
ҚР Білім және ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне;
Ұйымның Жарғысымен.
«Қосымша кәсібі білім беру Академиясы» ЖШС негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен нормативтік құжаттарына сәйкес кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;
Мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ақылы білім беру қызметтерін кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерге келісім шарт негізінде жүргізу және ұйымдастыру;
Жеке тұлғаларға ақылы негізде даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;
Мемлекеттік тапсырыстар мен сатып алулар негізінде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;
Жалпы білім беретін мектептер мен білім беру мекемелерінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;
Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсіби деңгейін арттыру.